Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтауда ауруханадан өрт шығып, 470 адам эвакуацияланды
6 қабатты Маңғыстау облыстық ауруханасының 3-қабатынан өрт шығып, 470 адам эвакуацияланды.
08:39 21.09.2023
Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
“20 қыркүйек күні сағат 22:38-де Ақтау қаласының 26 шағын ауданы 71/3 ғимараты, яғни облыстық ауруханада өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары шақыруға жіберілді. Оқиға орнына жеткеннен кейін 6 қабатты ғимараттың 3-қабатындағы урология бөлімшесінен желдету каналында жану ошағы табылды”, - делінген баспасөз мәліметінде.
Ауруханадан 470 адам эвакуацияланған. Оның 150-і төтеншеліктердің күшімен шығарылған.
Зардап шеккендер мен жарақат алғандар тіркелмеген.
Өрт сағат 23:31-де сөндірілген.
Тұтанудың себебі анықталған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram