Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте дәрігерлерді ұрмақ болған ер адам белгісіз сұйықтық ішкен
Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
08:07 23.09.2023
28 жастағы ер адам белгісіз сұйықтықты ішіп қойғаннан кейін туыстары жедел жәрдем шақырған. Содан дәрігерлер оны гипербариялық оксигенация орталығына алып барған.
«Дәрігерлер науқасты тексеріп шыққан соң, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты ем шараларын жүргізу мақсатында жансақтау бөлімшесіне кіргізген. Алайда ол медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, қарсылық танытқан. Орын алған жағдайға байланысты 102 қызметіне хабар берілді», - делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте дәрігерлерді ұрмақ болған ер адам қамауға алынғанын жазған болатынбыз.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram