Степанакертте жарылыс болып, 200-ден астам адам зардап шекті
25 қыркүйекте Қарабақтағы Ханкенди қаласының маңындағы жанармай құю бекетінде жарылыс болды. Бұл туралы Әзербайжан Республикасы президенті әкімшілігінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
Фото: azertag.az
13:30 26.09.2023
Мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер көп.
Осыған байланысты зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында 200 адамды емдеуге арналған күйікке қарсы медициналық құралдар, таңғыштар, қолғаптар, дәрі-дәрмектер (спрей, жақпамай, ауырсынуды басатын дәрілер, антибиотиктер және т.б.) бар жедел жәрдем көлігі алғашында Ағдам-Аскеран-Ханкенди жолы бойына жөнелтілді.
DW таратқан ақпаратқа сәйкес, Степанакерт-Аскеран тасжолындағы газ қоймасында болған жарылыстан қаза тапқандардың нақты саны анықталу үстінде. Зардап шеккендер Арменияға жөнелтіліп жатыр.
Арменияның 24news интернет-басылымы елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жазғандай, құтқарушылар зардап шеккендерді әуе және құрлық арқылы ауруханаларға жеткізуді ұйымдастырып жатыр. Зардап шеккендерді Арменияға жөнелту үшін тікұшақтар тартылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!