{metadescription}
Баспалдақтан құлаған бала: Министр мектептерге тексеру жүргізуді тапсырды

Баспалдақтан құлаған бала: Министр мектептерге тексеру жүргізуді тапсырды

Бүкіл мектептегі қауіпсіздік шараларын бақылауды күшейту керек.

Мұны аппарат жиналысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

«Күні кеше Астана қаласында №14 мектепте оқушымен болған оқиға бәрімізді алаңдатты. Бұдан жекелеген аймақтардағы білім басқармаларының бұл мәселені жіті бақылауда ұстамай отырғанын байқауға болады. Сіздерге үнемі айтылатын дүние: «Мектепте балаларға сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін басты орынға қою маңызды. Сондықтан бүкіл мектептегі қауіпсіздікті бақылауды күшейту керек», - деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен бірге министр өңірлердегі білім басқармаларының жауапты қызметкерлеріне мектепке барып, қауіпсіздік шараларын орындау барысын тексеруді тапсырды.

Еске салайық, Астанада оқушы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханаға түсті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде