ҰҚК Батыс Қазақстанда діни радикалды ұстады
2023 жылғы 27 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі.
Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
19:41 27.09.2023
Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деп күдіктелуде.
Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын.
Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдер тәркіленді.
Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!