{metadescription}
Үсік жүреді: 2 қазанға арналған ауа райы болжамы

Үсік жүреді: 2 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 2 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон сілемі әсер етеді. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, елдің орталығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Ал оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жауын жауады. Республика бойынша тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, күндіз елдің орталығында екпінді жел соғады, күндіз орталықта бұршақ жауады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-2 градус үсік жүреді.

Түркістан, Орталық, Шығыс, Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде