{metadescription}
Алматыда бір мектеп қызылшаға байланысты қашықтан оқуға көшті

Алматыда бір мектеп қызылшаға байланысты қашықтан оқуға көшті

Алматыда №172 мектептің бастауыш сынып оқушылары арасында қызылша ауруы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық білім басқармасының мәліметінше, 20 қыркүйек күні Медеу ауданы, санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің мамандары «Қызылша» инфекциясын жұқтыру фактілерінің анықталуына байланысты бастауыш сынып оқушыларын инкубациялық кезеңнің соңына дейін, яғни, 2023 жылдың 16 қазанына дейін қашықтан оқуға көшіру ұсынылды.

«№172 мектеп директоры ұсыныстарды ескеріп, инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін барлық бастауыш сынып оқушыларын (1-4) инкубациялық кезеңнің соңына дейін онлайн оқытуға көшіру туралы шешім қабылдады. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар қажетті компьютерлік техникамен және интернет ресурстарымен қамтамасыз етілді»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалалық әкімдік өкілдері, мегаполистегі қалған барлық мектепте эпидемиологиялық жағдай тұрақты және эпидемиологтардың бақылауында екенін атап өтті.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, балалар арасында ауруға шалдығу көрсеткіші негізінен екпе алмағандар арасында тіркеледі. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жүргізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.