Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әйеліне тіл тигізген: Павлодарда танысын өлтірген ер адам сотталды
Павлодарда танысын өлтірген ер адам сотталды, сотталушы қылмысты мас күйінде жасаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Фото: old.kzvesti.kz
08:40 05.10.2023
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, биыл сәуір айында көшелердің бірінде ер адам танысының әйеліне тіл тигізген. Ал күйеуі бұған ашуланып, жиналмалы пышақпен танысына үш рет соққы жасаған. Танысы қан жоғалтып, оқиға орнында қайтыс болған.
Айыпталушы жасаған қылмыс аса ауыр қылмыстардың қатарына жатады және 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.
Сотта ол өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді.
"Сот жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды ескере отырып, ер адамды ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады", - делінген үкімде.
Жәбірленушінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram