Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ажар Ғиният өгей әкесі зорлаған 3 жасар егіз қыздың жағдайын айтты
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өгей әкесінен зорлық көрген үш жасар егіз қыздардың қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17:24 05.10.2023
«Бүгінде балалардың денсаулығы орташа ауыр, дәрігерлердің бақылауында. Ол бүлдіршіндерде зорлау белгілері болғанын біздің медицина мамандары бірден анықтады. Олар толық тексеруден өтті. Бұл факті туралы құқық қорғау органдарына хабарланды. Алынған жарақаттарына байланысты балаларға операция жасалды. Қазіргі таңда олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», - деді Ажар Ғиният ОҚК-де өткен брифингіде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram