{metadescription}
Жетісу облысында жол апатында ер адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатында ер адам қаза тапты

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 5 қазанға қараған түні Көксу ауданында болған, деп хабарлайды ІІМ.

"Алматы - Өскемен тас жолында Mazda көлігін тізгіндеген 45 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Оқиға орнында 53 жастағы ер адам қайтыс болды", - делінген ақпаратта.

Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.