Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда синтетикалық есірткі жасайтын екі ірі цех жойылды - ҰҚК
Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті жасырын жолмен синтетикалық есірткі жасайтын екі ірі цехты жою бойынша операциялар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: ҚР ҰҚК
15:37 06.10.2023
Психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен үш адам ұсталды. Тінту кезінде олардан 21 кг «мефедрон» және «альфа-РVР», прекурсорлардың ірі партиясы мен зертханалық жабдықтар анықталды. Тәркіленген есірткілік заттардың құны «қара нарықта» 420 млн теңгеге бағаланады, ал көлемі 85 000 рет қабылданатын мөлшерге тең.
Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Соттың санкциясымен күдіктілерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Айта кетсек, биылғы 9 айда ҰҚК 30 халықаралық және аумақтық есірткі арналарының, сондай-ақ 29 есірткі жасайтын зертханалар іс-әрекетінің жолын кесті. Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан шамамен 1 тоннаға жуық синтетикалық есірткі және 76 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram