{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады.

Мемлекет басшысына қордың биылғы 8 айда атқарған жұмысының қорытындысы жөнінде баяндалды.

Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар қорға қарасты компаниялар тобының маңызды жобаларын жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берді.

Атап айтқанда:
▪️жыл соңына дейін алты ірі жобаны, атап айтқанда Астрахан – Маңғышлақ су құбырын реконструкциялау;
▪️«Сарша» және «Жылы жағажай» елді мекендеріне газ құбырын тарту;
▪️Бейнеу – Жаңаөзен газ құбырының 2-ші желісін және Мақат – Солтүстік Кавказ газ құбырының лупингін салу;
▪️Бірінші ГРЭС-тің 1-ші блогын қалпына келтіру;
▪️Еліміздің Бірыңғай электрэнергетикалық жүйесіне қарасты батыс аймағындағы электр желілерін күшейту жобаларын аяқтау жоспарланып отыр. 

Мемлекет басшысына Қор активтерін жекешелендіру жоспарының іске асырылу барысы жөнінде мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорына қарасты бейінді емес активтерді жекешелендіру және компанияларға халықтық IPO өткізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде