Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан сарбаздары ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлескен оқу-жаттығуға қатысады
Қазақстанның әскери қызметшілері «Мызғымас бауырластық-2023» ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлескен оқу-жаттығуға қатысады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
10:21 07.10.2023
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құрамаларын бірлесіп даярлаудың 2023 жылғы 6-13 қазан аралығындағы кезеңге арналған жоспарына сәйкес Қырғызстан Қарулы Күштерінің оқу-жаттығу орталығының полигонында (Балықшы қаласы) «Мызғымас бауырластық-2023» Ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлескен оқу-жаттығуы жоспарланған.
Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысады. Оқу-жаттығудың негізгі міндеті – бейбітшілікті сақтау жөніндегі операцияны жүргізу кезінде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің әскери контингенттерінің үйлесімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жеке құрамы тартылады. Оқу-жаттығу шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілер автомобиль және бронды техникамен Алматыдан Балықшы қаласы бағытына қарай жүріп өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram