Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астана әуежайында 85 млн теңгенің коллекциялық монеталарын алып бара жатқан екі адам ұсталды
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
15:08 07.10.2023
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылғы 7 қазанда Астана қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері прокуратура және әуежайды тексеру қызметімен бірлесіп, декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады.
Алдын ала деректер бойынша номиналы 100 және 50 мың теңге, сондай-ақ салмағы 2 және 1 кг монеталар тиісінше 999 сынамалы алтыннан жасалған.
Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды.
«Құқық бұзушылар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram