Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Азия ойындары: Каратэші Софья Берульцева қоржынға оныншы алтынды салды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Софья Берульцева жеңімпаз атанды.
Фото: olympic.kz
16:43 07.10.2023
Осыған дейін Токио олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы атанып үлгерген қазақстандық караэші 68 келіден жоғары салмақта финалда непалдық Арика Гурунгпен сынға түсті.
Софья бірден тізгінді қолға алып, юко ұпайларымен алға шығып, сол басымдылығынан айырылған жоқ – 3:0.
Осылайша, Софья Берульцева Қазақстан қоржынына оныншы алтын жүлдені салды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!