{metadescription}
Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айыпталушы - Тұрлыхановтың кенже ұлы 20 жастағы Нұрасыл Болат. Оған алматылық заңгер ерлі-зайыпты Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылған. Істің барлық материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот мынадай қорытындыға келді:

"Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын", - деп Нұрасыл Болатқа үкімді оқыды судья Дихан Әлиасқаров.

Еске сала кетейік, оқиға биыл 11 ақпанына қараған түні Алматыда болған. Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты Чернов пен Дмитриевичті соққыға жыққан. Кейін Тұрлыхановтың ұлы мерзімді қызметте екені белгілі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.