{metadescription}
Газа секторында қазақстандық 25 отбасы бар

Газа секторында қазақстандық 25 отбасы бар

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Газа секторында Қазақстан азаматтарынан тұратын 25 отбасы бар деген ақпарат келіп түсті. Көбі — сол жаққа тұрмысқа шыққан азаматшаларымыз. Келіп түскен хабарламаларға сүйенсек, қазіргі уақытта Израильдің жердегі операцияларына, сонымен қатар жүргізіп жатқан бомбалауына байланысты отбасылардың кейбірі Газа секторынан қауіпсіз орын іздеп жатыр. Ол жерде байланыс өте нашар. Сондықтан әлі күнге дейін жан-жақты ақпарат жинай алмай отырмыз. Бір-екеуімен байланыстық. Бірақ, ары-бері қауіпсіз жер іздеп жүргендіктен ақпарат беруге мұршалары жоқ. Бұл бағытта әлі жұмыс істеп жатырмыз», — деді Айбек Смадияров министрліктегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.