{metadescription}
10 қазанда Қазақстан азаматтары Израильден ұша алады

10 қазанда Қазақстан азаматтары Израильден ұша алады

10 қазанда «Эйр Астана» әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша КС-6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлайды.

Алматы қаласынан ұшу сағат 8:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған.

«Эйр Астана» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан рейстің қону және ұшу уақытының бекітілуі күтіліп отыр.

Барлық сұрақтар бойынша әуе компаниясының help.airastana.com қолдау орталығына хабарласу қажет, тел.: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp).

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.