Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде қыз зорламақ болған 40 жастағы еркек ұсталды
Өскемен қаласындағы көпқабатты үй аулаларының бірінде кетіп бара жатқан қызды зорламақ болған еркек ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.
18:06 09.10.2023
Кешелі бері әлеуметтік желіде Өскеменде белгісіз біреудің аулада кетіп бара жатқан қызға тап беріп, зорламақ болғаны жайлы ақпарат тарады.
ШҚО полиция департаменті қазіргі уақытта күдіктінің ұсталғанын мәлім етті.
«Патрульдік полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында «Сергек» камераларының көмегімен 40 жастағы ер адамды ұстады. Ол психиатрия, наркология орталықтарында есепке алынбаған, бұрын сотты болмаған. Тәртіп сақшылары оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 24 бабы 3-бөлігімен (қылмысқа дайындалу және оқталу) және 120-бабы 1-бөлігімен (зорлауға оқталу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалған. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда 5-8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram