{metadescription}
Қазақстанда 5 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 5 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет мамандары 10-12 қазанға арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды. 

Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде күн райы тез өзгереді – жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) жауып, оңтүстікте күн жаңбырлы, жел күшейеді.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 5 аяз - 7 жылыға дейін, күндіз 5-18 градус жылыға дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде 5 градус аяз - 5 градус жылыға дейін, күндіз 5 - 13 жылыға дейін төмендейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде