{metadescription}
Астана орталығындағы бос жерден қыз өлі табылды

Астана орталығындағы бос жерден қыз өлі табылды

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі көпқабатты үйлерге жақын жерде адамның мәйіті табылғанын растады.

«Даладан табылған мәйіт бойынша – зорлық-зомбылық белгілері жоқ», – делінген ресми мәліметте.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

«Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Полицейлер тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу бойынша қызмет атқаруда», – делінген ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде көпқабатты үйлердің артында орналасқан далалы жерде адамның мүрдесі табылғаны туралы жазылды. Қала тұрғындары қыздың мәйіті оң жағалаудағы сауда орталығының артынан табылғанын хабарлады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.