{metadescription}
Қазақстандық сейсмологтар Қытай мен Ауғанстандағы жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Қытай мен Ауғанстандағы жер сілкінісін тіркеді

11 қазанда сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 588 шақырым жерде Қытайда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1450 шақырым жерде Ауғанстан аумағында болған екі жер сілкінісін тіркеді. 

Қытай аумағындағы жер сілкінісі Алматы уақытымен 6 сағат 15 минут 22 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы - 4.2. Тереңдігі - 20 км. Ауғанстандағы жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 6 сағат 44 минут 05 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.2. Магнитудасы - 6,5. Тереңдігі -10 км. Сезілгіштігі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде Ауғанстанда күшті жер сілкінісі болып, салдарынан кем дегенде 2445 адам қаза тапқан болатын. Магнитудасы 6,3 болатын бірінші жер сілкінісі 7 қазан күні таңертең Герат қаласының солтүстік-батысындағы аудандарда болды. Алғашқы жер сілкінісінен кейін тағы сегіз күшті дүмпу болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде