Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ел халқы көтерген мәселелердің басым бөлігі жылу беру жүйесіне қатысты - Үкімет
Бірқатар қалада жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жөндеуге 55 млрд теңге бөлінді.
Фото: ҚазАқпарат
10:45 11.10.2023
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутаттарға келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелерін баяндау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Бүгінгі формат халықты алаңдадатын түйткілді мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табуға және оны заңнамалық тұрғыдан реттеуге мүмкіндік береді. Депутаттардың атына жолданған азаматтардың 2,5 мыңнан астам өтінішін Үкімет мұқият қарап, тиісті жауаптар Парламентке жолданды. Олардың орындалу барысы Үкіметтің ерекше бақылауында. Біріншіден, өтініштердегі көп көтерілген мәселенің бірі былтыр жылу желілеріндегі ірі техногендік апаттардың салдарын жою және осы саладағы инфраструктураның потенциалын әлеуетін көтеруге қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет еліміздің барлық жылу инфрақұрылымына тиісті тексеру жасап, оның қорытындысы бойынша нақты іс-шаралар жоспарын қабылдады», - деді Т. Дүйсенова.
Оның айтуынша, бұл жұмыстың қорытындысы бойынша жылумен қамтамасыз ету нысандарын салу, күрделі және жөндеу жұмыстарының кестесі әзірленді. Екіншіден, Үкіметтің резервінен Екібастұз, Риддер, Рудный, Степногорск, Көкшетау, Ақтау, Семей, Павлодар қалаларының жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жөндеу үшін 55 млрд теңге бөлінді.
«Жүйелі шараның бірі ретінде осы салаға едәуір инвестиция тартуға және коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы қабылданып, іске асырылып жатыр. Бұл жобаның аясында инженерлік желілерді жөндеу және осы саладағы қызметкерлердің жалақысын арттыруға, кадрларды тартуға, олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 250 млрд теңге шамасында қаржы тарту жоспарланып отыр. Мұндағы тағы бір өзекті мәселе – ол тарифтің өсуіне қатысты. Бұл жағдайда Үкімет азаматтарды әлеуметтік қолдау механизмін қолданатын болады. Яғни, егер отбасының төлейтін коммуналдық шығындарының көлемі жергілікті атқарушы органдар белгілеген пайыздық көлемінен асып кетсе, онда мұндай отбасыларға бюджеттен тұрғын үй көмегі төленеді», - деді вице-премьер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram