{metadescription}
Ақтауда төрт адамнан 100 кг марихуана тәркіленді

Ақтауда төрт адамнан 100 кг марихуана тәркіленді

Шекара қызметі және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Kazinform.

Өткізілген операцияның нәтижесінде Ақтау қаласында «есірткі тасымалдады, сатты» деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды. Тінту барысында 100 кг аса «марихуана» есірткі заты тәркіленді.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде