{metadescription}
Израильдегі қазақстандықтарды елге әкелуге қосымша рейс жасала ма

Израильдегі қазақстандықтарды елге әкелуге қосымша рейс жасала ма

Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін Израильдегі қазақстандықтарды елге әкелуге қосымша рейс қарастыру мүмкіндігі сөз болды, деп хабарлайды Kazinform.  

«Қосымша рейс қарастырылмайды. Жалпы кеше „Тель-Авив — Ақтау — Алматы“ бағыты бойынша бір рейс жасалды. 160 азамат келді, борттың мүмкіндігі — 180 адамға дейін. Елге оралғысы келетін барлық азамат Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілді. 166 азаматтың 42-сі шетел азаматы болды», — деді Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, министр Израильге әуе қатынасының уақытша тоқтағанын айтты.

Әуе қатынасы Израиль аумағындағы жағдай жақсарғанға дейін жанданбайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде