Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Есік қаласының әкімі ірі көлемде пара алған – Антикор
Азаматтардан келіп түскен шағымды тексеру нәтижесінде Алматы облысы Есік қаласының әкіміне жемқорлық қылмысына барды деген күдік келтіріліп отыр.
16:07 11.10.2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім еткендей, қала әкіміне мемлекеттік сатып алу келісім аясында ойын алаңын абаттандырған жеке компаниядан ірі мөлшерде пара алды деп айып тағылды. Шаһар басшысы бюджет қаражатын кедергісіз төлеуге уәде еткен.
«Күдікті кінәні толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген мәліметте.
Антикордан еске салып өткендей, Конституцияның 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін күдікті кінәсіз болып табылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram