{metadescription}
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында электр сымын монтаждап жатқан жұмысшы мерт болды

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында электр сымын монтаждап жатқан жұмысшы мерт болды

Ақтөбеде жұмысшы 9 метр биіктіктен құлап көз жұмды. Ол Ақтөбе ферроқорытпа зауытында электрмонтаждау жұмысын жүргізіп жатқан, деп хабарлайды Kazinform.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, оқиға 10-қазан күні сағат 17:10-да болған.

«Қазхром» ТҰК АҚ-на қарасты Ақтөбе ферроқорытпа зауытында электр монтаждау жұмысын жүргізіп жатқан «МСС-КИП Автоматика» ЖШС-нің 40 жастағы қызметкері 9 метр биіктіктен құлап кетті.

Жұмысшы бірден жедел жәрдем ауруханасына жеткізгенімен, 11 қазан күні есін жимастан жан тапсырды.

Сол күні Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясына қайғылы жағдай туралы хабар түсті.

— Еңбек кодексінің 188-бабы 4-бөлігі негізінде арнайы комиссия құрылады. Комиссия құрамында еңбек инспекциясының мамандары да болады, — деп хабарлады облыстық еңбек инспекциясы басқармасы.

Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қаза тапқан жұмысшының отбасына көңіл айтты.

— Ақтөбе ферроқорытпа зауытының аумағындағы құрылыс жұмыстары кезінде мердігер ұйымның қызметкері биіктіктен құлап түсті. Дәрігерлер оның өмірі үшін барын салып күрескенімен, аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. «Қазхром» ТҰК» АҚ ұжымы марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, — деп жазылған хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде