Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан облысында емханаға келген науқас дәрігерді пышақтады
Түркістан облысында клиникаға келген науқас дәрігерге пышақ салды.
Фото: ia-centr.ru
19:10 12.10.2023
Бұл туралы Рolisia.kz хабарлайды.
Полиция мәліметіне сүйенсек, Сайрам ауданының Ақсукент кентінде жеке клиникада ультрадыбыстық кабинетке кезекте тұрған пациенттердің бірі жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ салған.
"Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram