Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ХАМАС-пен кепілге алынған 50 адамды босату туралы келіссөз сәтсіз аяқталды
АҚШ, Израиль және Катардың палестиналық ХАМАС радикалдық қозғалысымен кепілге алынған 50 адамды босату туралы келіссөзі сәтсіз аяқталды. Бұл жайлы жұма күні Wall Street Journal басылымы ақпарат көздеріне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Pexels
10:40 21.10.2023
Олардың айтуынша, келісімшарт ішінде атысты уақытша тоқтату, Израильдің Газа секторына су беруді қайта бастау және анклавқа гуманитарлық көмек жеткізуді жандандыру мәселесі талқыланған.
Басылым бұл мәселені содырлармен талқылау қиын екенін атап өтті. Қақтығыс өршігеннен кейінгі бірінші аптада радикалдық қозғалыс өздері тұтқындаған бейбіт тұрғындардың тағдыры туралы келіссөздерге кіріспеді. Сонымен қатар барлық тұтқынның нақты орналасқан жері тіпті Хамасқа да белгісіз.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтон ХАМАС-тан барлық кепілге алынған адамды ешқандай шартсыз босатуды талап ететінін айтқан. Ол сондай-ақ көпжақты ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, егер бұл ХАМАС тұтқынында болған адамдарды қайтаруға ықпал ететін болса, Вашингтон бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Израиль әскерилерінің мәліметі бойынша, Газа секторында ХАМАС ұстаған, кепілге алынғандардың расталған саны екі тұтқын босатылғанға дейін 203 болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram