Қазақ тілін кемсіткен қызға қатысты қылмыстық іс қозғалады
Алматы қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желіде қазақ тілін «мамбет тілі» деп мәлімдеме жасаған қыздың әрекетіне қатысты тергеу жүргізеді, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: pixabay.com
12:33 22.10.2023
«Аталған дерек бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) нормаларына сәйкес, тергеу жүргізіп, заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек тілші сауалына жауап бере отырып.
Тоқтала кетейік, ол қыз видеода қазақ тілін ұнатпайтынын алға тартып, Алматыға келетін ауыл тұрғындарына қатысты ар-намысты қорлайтын сөздер айтқан. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!