{metadescription}
Астана айналасына 7 блокпост қойылды

Астана айналасына 7 блокпост қойылды

Елордада шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шараларға байланысты полиция қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауысты, деп хабарлайды Kazinform.

«Құрметті қала тұрғындары және қонақтары! Елордада алдағы уақытта шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шараларға байланысты құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызметке көшті», - деп жазылған қалалық полиция департаментінің ресми хабарламасында.

Бүгіннен, яғни 31 қазан сағат 8.00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сонымен қатар Қорғалжын, Астарханка кенттерінен, халықаралық әуежайдан қалаға келетін жолдарға 7 блокпост қойылды.

«Бұл шара азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөлікте тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге бағытталады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шара мен келтірілген қолайсыздықтарға түсіністіктік танытуларыңыз сұралады», - дейді департамент.

Айта кетейік, 1 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Ал 2 қарашада Астана қаласына Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапар жасайды.

3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммиті өтеді.

Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.