АрселорМиттал активтері Қазақстанға толық қайтарыла ма
АрселорМиттал компаниясымен келісім үзілгеннен кейін елімізге қандай активтер қайтарылатыны айтылды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов
14:56 31.10.2023
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа «АрселорМиттал» компаниясымен келісім үзілгеннен кейін Қазақстанға қандай активтер өтеді?" деген сауал қойды.
«Қазақстанда АрселорМиттал компаниясы активтерінің барлығын қалдыру мәселесі туралы сөз қозғалып жатыр. Бұл болат, көмір және кен департаменттері. Сондай-ақ, әлеуетті транзакцияның периметріне еңбек өндіретін Ақтау қаласындағы құбыр зауыты біздің еншімізде қалады. Яғни біз Қазақстандағы АрселорМиттал компаниясының толық активтері туралы айтып отырмыз», - деп жауап берді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!