{metadescription}
СҚО-да бір жазда 300-ден астам тарихи-этнографиялық ескерткіш табылды

СҚО-да бір жазда 300-ден астам тарихи-этнографиялық ескерткіш табылды

Солтүстік Қазақстан облысында биыл «Мәдени-тарихи үрдіс контекстіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап қазіргі заманғы этнографияға дейін» атты жоба басталды. Нәтижесінде өңірде бір жазда 300-ден астам тарихи-этнографиялық ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Kazinform.

Биыл Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бастамасымен СҚО-ның тас дәуірінен бастап осы заманғы этнография ескерткіштерін анықтау мақсатында бағдарлама қолға алынды.

Тарихшы-археологтар жаз айларында өңірдің 7 ауданында — Есіл, Шал ақын, Тимирязев, Айыртау, Жамбыл, Мамлют және Мүсірепов атындағы аудандарда жұмыс істеді.

11 археологиялық отряд құрылды. Мамандар Қостанай және Павлодар облыстарын да қамтыды.

Жиналған материал негізінде СҚО-ның археологиялық каталогы жасалмақ.

«Биыл Петропавлдың батысында жатқан Қостанайға жақын аудандарды зерттедік. Келер жылы шығыстағы, Павлодармен шектесетін аудандарды аралаймыз. Археология институты, жергілікті атқарушы билік, М.Қозыбаев университеті, облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе жұмыс атқарды. СҚО-ның университетімен әріптестік орнаған. Сондықтан жұмыстарға жоғару оқы орнының тарих факультетінің студенттері тартылды. Жалпы, бір отрядта атқаратын жұмыстарына орай оннан он бес адамға дейін болды. Мәселен қазба жұмыстарына жастарды көбірек тарттық», — дейді Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Дархан Байтілеу.

Бағдарлама екі жылға шақталғанымен жұмыс тоқтамайды. Нәтиже шыққанша дейін 5-10 жылға дейін созылуы мүмкін.

«Негізгі мақсатымыз археологиялық барлау болатын. Жеті ауданда жұмыс жүргіздік. 300-ден аса ескерткіш таптық. Оның басым бөлігі — 18-19 ғасырға жататын этнографиялық ескерткіштер, яғни қыстаулар. Тас, қола дәуірінің қоныстары табылды. Ерте темір дәуірі ескерткіштері оба-қорым ретінде сақталған. Әр ауданның өз ерекшеліктері бар, соның бірі — табиғатқа, климатқа байланысты. Үлкен қорымдар сақталмаған, көбі жыртылып, орнына егін салынған. Үлкен обалар бар, бұзылмай бүтін тұр. Қоныстарды, соның ішінде тұрғын үй-жайларын іздедік. Олар да нашар сақталған. Кезінде Кеңес заманында колхоз-совхоз болғанда бұзып, жермен-жексен қылған. Бір жақсысы қазақ этнографиялық ескерткіштері көп сақталған екен. Біз оларды зерттедік, координаттары алынды. Дронмен түсірдік. Келесі жылы ескерткіштер жинағын шығару жоспарда тұр. Әр ауданның ескерткіштер жинағын шығармақ ниеттеміз», — дейді Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Жанболат Өтебаев. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде