Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қор нарығында доллар арзандады
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
16:35 31.10.2023
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 1,97 теңгеге түсіп, 469, 67 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 31қазанға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 471, 87 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 470,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 473, 5 теңге. Ал Астана қаласында сату бағасы – 469 теңге, сатып алу – 474 теңге.
Ал Ресей рублі Алматыда 4,89 – 5,07 теңге, Астанада 5 – 5,15 теңге аралығында құбылып тұр.
Еске салайық, кеше Астана мен Алматы қалаларында доллар бағасы 470 – 475,5 теңге аралығында саудаланған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram