{metadescription}
«Ақша, әйтпесе жарамын!»: Қарағандыда оқушы қыз әкімдікке хат жіберген

«Ақша, әйтпесе жарамын!»: Қарағандыда оқушы қыз әкімдікке хат жіберген

Танысымен жанжалдасып қалған оқушы қыз оның атынан полицияға жалған хабарлама жіберген. 

Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

«City Mall» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы жазба облыс әкімдігінің электронды поштасына келіп түскен. Хатта оқушы қыз бомбаны жармау үшін төлем талап етіп, таныс құрбысының нөмірін көрсеткен.

«Оқиға орнына дереу жеткен шұғыл қызметтер сауда үйінен 200-ден астам адамды эвакуациялап, ғимаратта тексеру жүргізді. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қарағандылық жедел уәкілдер хабарламада көрсетілген абоненттік нөмірдің иесін – 14 жастағы қызды анықтады. Бірақ одан әрі тексеру барысында хабарламаны онымен сөзге келіп қалған құрбысы жібергені анықталды», - делінген полиция мәліметінде.

Осыған ұқсас жағдай Петропавлда болды.

102 пультіне «Dostyq Mall» сауда, ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен. Сауда орталығынан дереу келушілер мен жұмысшылар эвакуацияланды, оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар және басқа да мүдделі қызметтер жетті. Жарылғыш зат табылған жоқ. Жалған хабарламаны кәмелетке толмаған бала жібергені анықталды.

Медициналық куәландыруға сәйкес 16 жастағы жасөспірім мас күйде болған.

«Бұл фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша тіркелді (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау). Тергеу барысында екі жасөспірімнің де заңды өкілдерінің заң аясындағы жауапкершілігі қаралады», - деп толықтырды полициядан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.