Шымбұлақта аспалы жолдар іске қосылды
«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында аспалы жолдар іске қосылды. Бұл туралы «Шымбұлақ» ТШК-ның баспасөз қызметі Instagram парақшасында мәлім етті.
Фото: ашық дереккөзден
21:00 01.11.2023
«Достар, маусым алдындағы профилактика жұмыстары ойдағыдай өтті, сондықтан біз аспалы жолды қосуға дайынбыз», - деп хабарлады «Шымбұлақ» ТШК баспасөз қызметі.
ТШК-ның мәліметінше 1 қарашадан бастап аспалы жолдардың жұмыс кестесі мынадай болады:
- «Медеу-Шымбұлақ» 9:00-дан 18:00-ге дейін,
- «Комби-1» 9:30-дан 17:00-ге дейін,
- «Комби-2» 9:30-дан 16:30-ға дейін,
- «ККД-4» 9:30-дан 17:30-ға дейін
Сондай-ақ «Шымбұлақ» ТШК ұжымы қазіргі уақытта Шымбұлақта мейрамханалар, кафелер мен ойын-сауықтар істеп тұрғанын, ал тауда сырғанау маусымы басталмағанын хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!