Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сенаттың отырысы қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды
Бүгін Сенаттың жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталып, депуттар Қарағанды облысында шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілерді еске алды.
10:13 02.11.2023
«Қарағанды облысындағы шахтада орын алған қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Осы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен елімізде Жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Бұдан былай қайғылы оқиғаға себепші болған «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен еліміз инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатады. Президент тапсырмасына сәйкес, зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қолдау жасалады. Расымен, осындай қиын сәтте қоғам болып жұмылудың және өзара демеу болудың маңызы зор. Сондықтан мезгілсіз қайтыс болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына Сенаттың атынан тағы да көңіл айтып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алайық», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram