Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда заңға бағынбаған 17 шетелдік азамат елден шығарылды
Алматыда Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған мақсатты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Фото: ҚР ІІМ
10:40 02.11.2023
Алматы полициясы 2 күн ішінде 111 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 23-і – Африка құрлығы елдерінің азаматы.
ПД-ның қабылдап тарату мекемесіне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 32 шетелдік орналастырылды.
"Әкімшілік соттың шешімімен 17 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 31 шақырушы тарап жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорындардың бірінің басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram