Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандыда автобус қаққан жаяу жүргінші мерт болды
Қарағандының орталық көшелерінің бірінде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Кazinform.
17:20 02.11.2023
Жазатайым оқиға бүгін, 2 қараша күні сағат 10:50–де Бұқар жырау даңғылындағы «Шығыс» базары маңында болған.
39 жастағы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Апат салдарынан 45 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 15 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталмыш факт полицияда тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram