Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанаға Режеп Тайип Ердоған келді
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Фото: akorda.kz
18:32 02.11.2023
Мәртебелі мейманды елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!