{metadescription}
 Алматыда күзетші оқушыға тиіскен: мектеп директоры жұмыстан босатылды

Алматыда күзетші оқушыға тиіскен: мектеп директоры жұмыстан босатылды

Алматы облысының Қарасу ауылында мектеп күзетшісі мас күйінде  6 сынып оқушысын зорламақ болған. Күзетші 15 күнге қамауға алынды.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті. 

«Аталған білім беру ұйымының басшысы жұмыстан босатылды. Білім басқармасы тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұндай фактілер тіркелген кезде балалардың құқығын қорғау комитетінің өкілдері дереу оқиға орнына барады және тергеуге қатысады, сондай-ақ іс комитеттің тұрақты бақылауында болады. Әр жағдай бойынша жедел түрде тиісті кеңестер өткізіледі», - деді Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен баспасөз қызметінде.

Алматыда мектеп күзетшісі 12 жастағы қызды зорламақ болған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде