{metadescription}
Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, 4 қараша күні Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күшін 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жел күші 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, облыстың көп бөлігінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсетіні болжанып отыр.

4-6 қараша күндері Жамбыл облысындасолтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетіп, тұман болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде