{metadescription}
Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 2,07 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағамы 466,79 теңге болды.

Ұлттық банктің 8 қарашаға белгілеген ресми бағамы: 1 долларға – 464,49 теңге, Ресей рубліне – 5,01теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 467,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 470,5 теңге.

Ал Астана қаласында 467 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 471 теңге.

Ресей рублі 4,95 – 5, 01 теңге аралығында құбылып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде