{metadescription}
Алматыда эпилепсиясы бар науқасқа алғаш рет күрделі ота жасалды

Алматыда эпилепсиясы бар науқасқа алғаш рет күрделі ота жасалды

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада алғаш рет фармакорезистенттік эпилепсия – мидың самай бөлігінің резекциясымен сол жақ амигдалохиппокампэктомиясы бар науқасқа күрделі ота жасалды. 

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас аталған дертпен 20 жасынан ауырған. Соңғы кездері оған ұстамаға қарсы препараттар да көмектеспеген. Кейін ұстамалары көбейіп, жағдайы ушыға түскен. 

Дәрігерлер оның денсаулығына толық тексеріс жүргізді. МРТ науқастың миының сол жақ самай бөлігінде эпилептиформды белсенділіктің ошағын анықтады.

Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов Новосибирскіден келген нейрохирург Александр Дмитриевпен бірге нейронавигация және ми қыртысын тікелей жазу арқылы электрокортикография көмегімен науқастың сол жақ гиппокампын микрохирургиялық жолмен алып тастау операциясын жасады. 

«Оң жақ маңдай бөліктегі диаметрі 3*3 см болатын үлкен эпилептогенді ошақты алып тастадық. Ота сәтті жасалды. Одан кейін науқаста эпилептикалық ұстама болған жоқ. Жасалған ота науқастың денсаулығына оң әсер етіп, ары қарай бәрі жақсы болады деп үміттенеміз», - деді Марат Алматов. 

Оның сөзінше, эпилепсия науқастың ми бөліктеріне зақым келтірген. 

Айта кетейік, ота науқасқа МӘМС шеңберінде жасалды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде