{metadescription}
Өскемен тұрғыны өртенген көрші үйден әйел мен 2 баланы алып шықты

Өскемен тұрғыны өртенген көрші үйден әйел мен 2 баланы алып шықты

Өскемен қаласында ер адам өртенген көрші үйден әже мен 2 баланы аман алып шықты, деп хабарлайды Kazinform.

8 қараша күні қаладағы Ақжауын көшесіндегі жер үйден өрт шықты. Сол жерге өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін қызыл жалынды байқаған көршісі Андрей Смольников дереу көмекке ұмтылған. Ол 60 жастағы әйелді, 2 және 1 жастағы екі баланы сыртқа алып шықты.

«Құтқарушылар келгенде тілсіз жау үй мен шаруашылық қора-жайды шарпып жатты. Көп ұзамай жалпы ауданы 154 шаршы метрді құраған өрт толықтай өшірілді. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден газ баллонын алып шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өртпен күреске жеке құрамнан 12 адам және 4 техника жұмылдырылған. Оттың шығуына – электр желісін орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, Андрей Смольников «Қамқор-Вагон» кәсіпорнының вагон-жөндеу депосында токарь болып жұмыс істейді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде