{metadescription}
Атырауда жеңіл көлік аударылып, 21 жастағы жолаушы көз жұмды

Атырауда жеңіл көлік аударылып, 21 жастағы жолаушы көз жұмды

Атырау қаласында жеңіл көлік аударылды. Жол-көлік оқиғасынан көліктің салонында болған жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 9 қарашада болғаны тіркелген. 

«Жергілікті уақытпен сағат 00:24 шамасында С.Бейбарыс және Әбілқайырхан даңғылының қиылысында Hyundai Accent автокөлігі аударылды. Жол-көлік оқиғасына ұшыраған көліктің рөлінде 2003 жылғы жүргізуші болғаны анықталды. Ал, жол апатының салдарынан 2002 жылғы жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен жолаушы оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүріп жатыр. Қажетті құжаттарды жинау қолға алынды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.