Мектептен шығып, үйіне оралмаған: Алматыда оқушы іздестіріліп жатыр
Алматыда оқушы қыз жоғалып кетті. Оны еріктілер, полиция мен аудан тұрғындары кешелі бері іздеп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
11:48 10.11.2023
Әлеуметтік желілерде пайда болған мәліметке қарағанда, 2012 жылы туған Ханшайым Аралбай 9 қарашада № 148 мектептен шығып, үйіне оралмаған.
Жоғалып кеткен оқушы қыздың фотосы WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр.
«Мектебімізде 5 «Ә» сынып оқушысы жоғалып кетті, сабақтан кейін үйіне оралмаған. Көрген білгендеріңіз болса хабарын берсеңіздер», - делінген ақпаратта.
Сыртқы белгілері: 12 жаста, бойы орташа, шашы – қара.
Киімі: ашық түсті күрте, көк түсті мектеп формасы. Өзімен бірге ақ түсті қолшатыр алған.
«Егер оқушы қыздың орналасқан жерін білген адам болса, 102 нөміріне хабарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!