Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Экс-министр Бишімбаевтың ұсталуына қатысты ІІМ түсініктеме берді
Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов
13:42 10.11.2023
«Кешегі қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды ма? Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың аты аталып жатыр. Қоғамдық орында кісі өліміне қалай жол берілген?», - деп сұрады журналист.
Министрдің орынбасары бұл сұраққа қысқа жауап қайырды.
«Ол ұсталды, қазір тергеу шаралары өтіп жатыр. Қалғанына пікір білдіре алмаймын. Жұмыс аясында сіздерге қосымша мәлімет беріледі», - деді.
БАҚ өкілдері өлімге жол берген мейрамхана қызметкерлерінің жауапкершілігі туралы сұрады.
«Қазір осы іспен тергеу департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Менің ойымша, кейін олар хабарын береді», - деді Сәкен Сәрсенов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram