Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда балабақшада баланы ұрған тәрбиешіге қатысты тергеу басталды
Атырауда мемлекеттік балабақшаның бірінде тәрбиеші баланың бетінен ұрған. Оның теріс әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Kazinform.
14:15 10.11.2023
Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға кеше, 8 қарашада болған.
«Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеуге байланысты қажетті сот медициналық сараптамалар тағайындалды. Бейнебақылау камерасындағы жазбаларға зерделеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, тәрбиешінің заңға қайшы әрекеті топтағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір балабақша тәрбиешісі қызметінен шеттетілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram