Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Саусақ ізін тапсыру ерікті болады – ІІМ
Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов жеке куәлік алар кезде саусақ ізін тапсыру шарасы ерікті болатынын айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
14:39 10.11.2023
Оның сөзінше, саусақ ізін тапсыру шекарадан өткен шетелдіктерге ғана міндетті болмақ.
«Иә, сондай шешім қабылданды. Заң жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр. 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап азаматтардың саусақ ізін ерікті негізде тапсыруын ерікті ету мәселесі қаралып жатыр. Шетелдіктерге бұл міндетті. Ал ішкі құжаттандыру кезінде бұл шара ерікті негізде болады», - деді Сәкен Сәрсенов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram